Қазақстандағы Сamelusdromedarius және Сamelusbactrianus түйелерінің генетикалық әртүрлілігі мен популяциялы-генетикалық құрылымын зерттеу

Жоба атауы: Қазақстандағы Сamelusdromedarius және Сamelusbactrianus түйелерінің генетикалық әртүрлілігі мен популяциялы-генетикалық құрылымын зерттеу.

Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: Өмір және денсаулық туралы ғылымдар

Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеу саласы мен түрі:Ауыл шаруашылығындағы өсімдіктер сорттарының және жануарлар тұқымдарының өнімділігі мен төзімділігін арттыруға арналған инновациялық биологиялық зерттеулер. Биологиялық ғылымдар. Іргел ізерттеулер.

Оқутүрі:іргелі зерттеулер

Іскеасырумерзімі: 2022-2024

ЖобаменеджеріДосыбаев Кайрат Жумагалиевич, Phd,

 

Жобаның ғылыми жаңалығы және өзектілігі.

Қазақстан аймағында өсірілетін төрт түлік ауылшаруашылық малдарының өнімділігін арттыру, популяциялар арасында жүргізілетін селекциялық жұмыстар және популяциялардың генетикалық әртүрлілігін сақтау үлкен маңызға ие. Бұл ауылшаруашылық малдарының ішінде түйенің түрлері де ерекше орынды алады. Қазіргі кезге дейін Қазақстанда өсірілетін түйе түрлеріне генетикалық тұрғыдан кешенді ғылыми-зерттеулер өте аз жүргізілген. Кейбір зерттеулер арқылы аз көлемдегі түйелерге зерттеулер жүргізілген және ондағы мәліметтер зерттеудегі түйе түрлерінің генетикалық әлеуетін сипаттауға аздық етеді. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда өсірілетін түйелер саны 227 000-нан астам және ол әр жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының (International Society for Animal Genetics, ISAG) 2017 жылы бекітілген түйе түрлеріне арналған арнайы 17-STR маркерлер көмегімен зерттеуге алған Қазақстанда өсірілетін түйе түрлерінің генетикалық әртүрлілігін анықтау өзекті мәселелердің біріне жатады. Нәтижесінде түйе түрлері популяциясының генетикалық бірегей қорын сақтауға және ары қарай көбейтуге, олардың өнімділігін арттыруға қол жеткізуге болады. Ұсынылып отырған ғылыми жоба осы мәселелерді шешуге бағытталған.

 

Жобаның мақсаты: Қазақстанда өсірілетін түйе түрлерінің генетикалық әртүрлілігін микросателлитті маркерлер негізінде бағалау және оларға мтДНҚ D-loop аймағы арқылы салыстырмалы филогенетикалық талдау жүргізу.

Күтілетін нәтижелер:

Қазақстанда өсірілетін жергілікті бір өркешті Сamelus dromedarius және екі өркешті Сamelus bactrianus түйелерінен зерттеу топтары құрастырылады және қан үлгілері мен буккалды клеткалар үлгілері жиналады. Бұл үлгілерден геномдық ДНҚ молекуласы бөлінеді және микросателлитті маркерлер арқылы фрагментті талдау жұмыстары жүргізіледі. Алынған нәтижелер арнайы компьютерлік бағдарламалар көмегімен статистикалық өңдеулерден өткізіледі.

— Қазақстанда өсірілетін Сamelus dromedarius және Сamelus bactrianus түйе түрлерінің митохондриялық ДНҚ молекуласының D-Loop аймағы секвинирленуден өткізіледі. мтДНҚ молекуласының секвинирленген бөліктері компьютерлік бағдарламалар арқылы статистикалық талдаудан өткізіледі.

— Зерттеуге іріктелген түйелер бойынша жоғары ақпараттылыққа ие STR-локустары анықталады. STR-локустары негізінде зертеуге алынған түйе популяцияларына генетикалық тұрғыдан салыстырмалы баға беріледі. Популяция аралық және популяция ішілік генетикалық әртүрлілігі және өзгергіштігі, сонымен қатар генетикалық дифференциациясы және инбридинг коэффициенті анықталады. мтДНҚ бойынша жергілікті түйе популяцияларын АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпараттар орталығы (The National Center for Biotechnology Information) қорындағы қолжетімді түйелердің мтДНҚ молекуласы сиквенс фрагменттері негізінде салыстырмалы филогенетикалық талдаулар жүргізіледі. Алынған нәтижелер түйе шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарда қолдануға ұсынылады.

 

Жобаның соңғы нәтижелері мен көрсеткіштері: Ғылыми жоба нәтижесінде:

— Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 50 (елу) кем емес процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу;

— БҒССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 1(бір) мақала немесе шолу;

— немесе Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 65 (алпыс  бес) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу;

— немесе Web of Science базасындағы 1 (бірінші) квартильге немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 95 (тоқсан бес) процентильге кіретін рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады.

Исследовательская группа:

  1. ДосыбаевКайратЖумагалиевич — PhD,ведущий научный сотрудник, ScopusAuthor ID 57205203148; ORCID 0000-0003-1136-833X https://orcid.org/0000-0003-1136-833X.
  2. Мусаева АйжанСеилкановна – кандидат биологических наук, ведущий научный сотрудник,ScopusAuthor ID 57212056281.
  3. Бекманов БақытжанОрақбайұлы — кандидат биологических наук,ведущий научный сотрудник, ScopusAuthor ID 8408966100, ORCID0000-0002-2232-0481https://orcid.org/0000-0002-2232-0481.
  4. АмандыковаМакпалДуманқызы — научный сотрудник, PhD-докторант,ScopusAuthor ID 57223868837.
  5. КапасТілекКапасұлы–научный сотрудник, PhD-докторантORCID 0000-0002-6698-7894https://orcid.org/0000-0002-6698-7894.
  6. Уалиева Дания Ардаккызы -научный сотрудник, PhD-докторант,ScopusAuthor ID 5721946751, ORCID0000-0002-0271-5523, https://orcid.org/0000-0002-0271-5523.