«Тәуелсіздік ұрпақтары»

грантын беру жөніндегі конкурстың басталуы туралы

хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы әрбір грантқа 3 млн.теңге сомасында 30 грант берілетін болаты болады.

Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14 кем емес және 29 аспайтын, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс), 8 7172 74-05-25, (87058223333), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);

3) шығыстар сметасының жобасы;

4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Толығырақ ақпарат («Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары және т.б.) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында қолжетімді (qogam.gov.kz) «Жастар саясаты» бөлімінде.

Объявление

о начале конкурса по присуждению гранта  

 «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан объявляет о начале конкурса по присуждению гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары».

В рамках празднования 30-летия Независимости в текущем году будут присуждены 30 грантов на сумму 3 млн. тенге на каждый грант. 

Целью присуждения гранта является государственная поддержка новых и действующих инициатив молодых людей, направленных на формирование сообщества активной творческой молодежи.

На присуждение гранта претендует гражданин РК не моложе 14 лет и не старше 29 лет на момент окончания приема конкурсных заявок.

Гранты присуждаются на конкурсной основе для реализации новых идей и инициатив гражданам РК по следующим направлениям:

«Наука» — для реализации новых научных проектов и исследований в приоритетных секторах науки;

«Культура» — для реализации проектов, направленных на популяризацию культурного наследия Казахстана, продвижение народных культурных традиций и искусства;

«Информационные технологии» — для реализации и разработки новых IT-решений и проектов, в том числе начинающих стартап-проектов;

«Бизнес» — для реализации новых бизнес-идей в приоритетных секторах экономики;

«Медиа» — для реализации новых медиа-проектов, в том числе проектов по созданию познавательного, полезного, интересного контента для молодежи.

Конкурсные заявки претендентов принимаются (бумажный вариант) до 20 сентября текущего года по адресу: г. Нур-Султан, проспект Мәңгілік ел, 8, административное здание «Дом министерств» (14-подъезд), 8 7172 74-05-25, (87058223333), (электронный вариант) generation.kaz@gmail.com

Конкурсные заявки принимаются на государственном или русском языках и должны содержать:

  1. описание проекта;
  2. видео-презентацию проекта (не более 60 секунд);
  3. проект сметы расходов;
  4. сведения об интеллектуальной собственности (при наличии).

Более подробная информация (Правила присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» и др.) доступна на официальном сайте Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан (qogam.gov.kz) в разделе «Молодежная политика».